5 қыркүйек күні  мектеп-интернатта «Ахмет Байтұрсынов – ұлт ұстазы» атты әдеби кеш өткізді. Бұл әдеби шара қазақтың ұлы ағартушысы, түркітанушы, ірi ғалым-лингвист, әдебиет зерттеушi, дарынды ақын-аудармашы туғанына 151 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.
Іс-шараның мақсаты: А.Байтұрсынұлының шығармашылығы мен өмірі туралы білімдерін қалыптастыру; отансүйгіштікке және еліне, халқына мақтаныш сезімін тәрбиелеу; оқу мәдениетін дамыту.
Іс-шара «Ахмет. Ұлт ұстазы» саундтрегімен басталып,  қазақ жазушысы және қоғам қайраткері өмірінің негізгі кезеңдері көрсетілді. Қазақ халқы мәдениетінің  өкілдерінің бірінің жарқын және  қайғылы тағдыры көрсетіледі.Оқушылар ұстаздармен бірге өлеңдер, ертегілер және олардың аудармаларын оқыды.
А.Байтұрсынов өз шығармаларында ана тіліңді сүюге, дамытуға, білімді де көп оқуға, еліңді шексіз  сүюге шақырады. Әдеби  іс-шарада  балаларға Ахмет Байтұрсыновтың қазақ музыка өнерiне де терең көңiл бөлген ғалым, әрі . композитор ретінде таныстырды. «Аққұм», «Iңкәрім-ай» шығармалары тыңдалды. «Ең зейінді және ізденімпаз» викторинамен ашық шарамыз қортындыланды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған