Қазақстандағы балалар жылы аясында “Қарағанды облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы” КММ  “Әдеби косплей” онлайн конкурсын жариялады. “№8 арнайы мектеп-интернат ” КММ тәрбиеленушілері белсенді қатысты. Жеңімпаз кітапхананың аккаунтында тікелей дауыс беру арқылы анықталды. Өкінішке орай, біздің балалар жүлделі орындарға ие болмады, костюмдер керемет болғанымен, қатысушылар әдеби шығарманың атмосферасын аксессуарлармен және жиһаздармен жеткізуге тырысты. Келесі жолы бізді жанкүйерлер қолдайды деп үміттенеміз. Барлық қатысушылар естелік сертификаттармен және жағымды сыйлықтармен марапатталды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған