04 қыркүйек 2023 жылы №8  мектеп-интернатында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты: толерантты тұлғаны қалыптастыру, туған тілін, өз елін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылар  мемлекеттік тілді білуге, бір-біріне құрметпен қарауға, түрлі тілдегі кітаптарды оқуға, өз елін сүюге шақыратын бейнероликті тыңдады. Әр сыныптың балалары достық, ана тілі, ел туралы тақпақтар оқыды.
Сондай-ақ, Теміртау қаласының Тілдерді дамыту орталығының өкілі Көпбаева Ғалия Исмаиловна балаларды оқу жылының басталуымен құттықтап, жаңа жетістіктер тіледі, ана және қазақ тілдерін үйренудің маңыздылығын атап өтті. Ғалия Исмайылқызы мектеп-интернаттың қазақ тілін оқыту курсын тәмамдаған ұстаздарына сертификаттар табыс етті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған