01.09.2022 жылы Қарағанды облысы білім басқармасының “№8 арнайы мектеп – интернаты” КММ 1-10 сынып оқушылары арасында “Білім күні”мерекесіне арналған жалпымектептік салтанатты іс – шара өтті.
Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылы қарсаңында жағымды атмосфера, жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
Міндеттері:
– позитивті оқу мотивациясын және білімге ұмтылысын қалыптастыру;
– патриотизм, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
– өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру.
Білім алушылар үшін бұл күн музыкамен, қонақтармен және, әрине, оқу жылындағы алғашқы қоңыраумен мереке болды.
Мерекенің басты кейіпкерлері мектеп-интернаттың табалдырығын алғаш аттаған бірінші сынып оқушылары мен он сынып оқушылары болды, олар үшін бұл мектеп өміріндегі соңғы Білім күні.
Қалыптасқан дәстүр бойынша барлық қатысушылар үшін бірінші сабаққа қоңырау соғылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған