«Менің сүйікті ертегі кейіпкерім»

2023 жылдың 7 ақпанында “№8 арнайы мектеп – интернаты” КММ кітапханасында “Менің сүйікті ертегі кейіпкерім” атты буклет-ойын, дауыстап оқу өтті.  Ертегілер-бұл кішкентай сиқыр, олардың қиял мен фантазияға шегі жоқ. Бұл іс – шараның мақсаты-сүйікті ертегілерін еске түсіру, балалардың назарын аудару, оқуға деген құштарлықты ояту. Балалар ертегі әлеміне “еніп”, ертегі кейіпкерлері туралы жұмбақтар шешті, рөлдік оқу болды, балалардың әрқайсысы өз білімдерін көрсетуге тырысты, сүйікті ертегілерін қаншалықты жақсы білетінін бағалады. Әрбір жақсы сөз, жақсылық тамшылары бірігіп, ағынға, өзенге, өзен жақсылық мұхитына айналады, ал ертегілерді білу балалардың жан дүниесінде адамзаттың негізгі құндылықтарын сіңіреді: мейірімділік, игі істер жасау!

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған