«ДОСБОЛ LIKE: достық қолын ұсын»

«ДосболLIKE: достық қолын ұсын» акциясы аясында «Спорттық достық» бағыты бойынша З.К. Абугалиева 7-10 сынып оқушыларымен спорттық жарыстар өткізді.
Спорттық шара басталар алдында командалар сапқа тұрды. Содан кейін балалар командаларға бөлінді. Жарысқа екі команда шықты: «Достық» және «Жеңіс», командалар ұлттық құрамалар болды. «Көңілді старт» бағдарламасы өте қызықты болды. Бірінші тапсырма командаларды таныстыру болды. Командаларға эстафетаның қызықты түрлері ұсынылды.
«Көңілді старт» балалар үшін көңілді, қызықты өткізілді. Спорт мерекесі балалардың басын қосып, ешкімді бей-жай қалдырмады. Жарысқа қатысқан балалар өздерін нағыз команда ретінде сезінді!Жарыс спорт, денсаулық және жастар мерекесіне айналды!#dosbollike

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған