“ЖРВИ алдын алу”

19.01.2023 жылы мектеп-интернатта 1-10 сынып оқушылары арасында медбике  Серимова М.Д. тұмау мен ЖРВИ алдын алу бойынша әңгіме өткізді.

Әңгімелесу барысында көрнекі материалдар, презентациялар, мультфильмдер арқылы балалар тұмау вирусының құрылымы, оның таралу жолдары және алдын алу шаралары туралы білді.

Балалар дені сау болу мақсатын қойды, ол үшін қолдарын сабынмен үнемі және мұқият жуып, ауа-райына сай киініп, спортпен шұғылданып, құрамында витаминдер бар көкөністер мен жемістерді көбірек жейтін болады.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған