Білім күні

2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қарағанды облысы білім басқармасының “№8 арнайы мектеп – интернаты” КММ 1-10 сынып оқушылары арасында “Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм” тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
Бірыңғай сынып сағатының мақсаты: адам өміріндегі білімге деген ұмтылыс, еңбекқорлық және патриотизм сияқты құндылықтардың рөлін бірлесіп талқылау.
Міндеттері:
құндылықтар туралы жалпы ақпарат беру;
білім алушылармен бірге адам өміріндегі құндылықтардың рөлін талқылау;
білім алушыларға патриотизм, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған