“ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!»

2022 жылғы 28 желтоқсанда мектеп-интернатта 1-10 сынып оқушылары үшін көптен күткен Жаңа жылдық мереке өтті.
Балаларға арналған жаңа жыл-ертегілер мен ғажайыптардың уақыты. Осы уақытта балалар Аяз Атаның, Ақшақардың және әрине, сыйлықтардың келуін күтеді.
Балалар мұғалімдерімен бірге кабинеттерді безендіру  керемет өтті. Барлық оқу сыныптарында сиқырлы мереке жақындап қалды. Сондай-ақ, оқушылардың жаңа жылдық қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.
Келе жатқан жаңа 2023 жылмен мектеп – интернат тәрбиеленушілерін “55524 әскери бөлімі” РММ әскери қызметшілері құттықтады.
Спектакльдің басынан бастап ертегі кейіпкерлері балаларды ертегінің сиқырлы әлеміне тартты. Балалар мерекелік шытырман оқиғалы атмосфераға еніп, қызықты байқауларға қатыса алды. Аяз Атаның пайда болуымен нағыз мереке әндер мен билермен, өлең оқумен басталды. Жаңа жылдық қойылымдар кезінде мерекелік атмосфера орнады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған