«Заманауи тігін өндірісі» экскурсиясы

Экскурсия ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қоғам өміріне бейімдеу бойынша жұмыстың тиімді нысандарының бірі болып табылады. Ол оқу өмірімен байланысты жүзеге асырады, оқушылардың көкжиегін, олардың қарым-қатынасы мен әлеуметтік байланыстарын кеңейтеді.

Кәсіптік-еңбекке оқыту пәні шеңберінде 14.09.2022ж. №8 АМИ 9А сынып оқушылары «АҚТЕКС ТМ RENAISSANCE» кәсіпорнына барды. Сабақтың тақырыбы – «Заманауи тігін өндірісі» экскурсиясы. Киімнің матадан қалай туылғанын аз адамдар көре алады! Біздің оқушылар бақытты! Олар модельер идеясынан бастап дайын өнімге дейінгі бүкіл өндіріс процесін көрді! Бұл өте қызықты екен!

Гид – экскурсоводтардың рөлінде: тігін өндірісінің технологы Бойченко Анна Евгеньевна және ТБ инженері Власова Татьяна Алексеевна болды. Бұл өте қызықты болды, оларға көп рахмет!

Кәсіпорын басшылығына барлығын өз көзімен көруге мүмкіндік бергені үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған