«1 МАМЫР-ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ»

«1 МАМЫР-ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ»

Қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, Қазақстан халқын құрметтеуге тәрбиелеу, ой – өрісін кеңейту мақсатында Қарағанды облысы білім басқармасының «№8 арнайы мектеп-интернаты» КММ-де «Бірлік және келісім» бірыңғай сабағы аясында тақырыптық іс-шаралар өткізілді. Тәрбиешілер «Қазақстан халықтарының Достығы», «Қазақстан бірлігі-халық достығында», «Қазақстанның көктемгі әндері» тақырыптары бойынша викториналар, зияткерлік-танымдық ойындар, бейнероликтер, презентациялар дайындады. Оқушылар 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі туралы бейнероликтер, құттықтау бейне ашылымдар, «Бір шаңырақ астында» суреттер байқауына қатысты. Барлық іс-шаралар білім беру платформаларын пайдалана отырып, қашықтықтан өткізілді.

https://cloud.mail.ru/public/VMK9/X6cSfDcmD

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған